Белгілі болғандай, "КамАЗ" Шолохов көшесі бойымен «Құрылысшы» шағын ауданына қарай бара жатқан.
- Жүргіншілер жолына жақындай бергенде, автобустан адам шыға келді, тежегішті басып үлгермей қалдым, - деді жүргізуші. - Ол жүргіншілер жолынан жүгіріп өтті.
Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Еске салсақ, 8 наурызда сағат 15.00-де Шолохов көшесінде ер адам мен әйел адамды жолаушылар көлігі басып кеткен. Ер адам ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды.