ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов қала мектептерінің кәмелетке толған он екі үздік оқушысына жеке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала басшысы олардың ел азаматтары қатарына қосылғанын айтып, ендігі міндет Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлестерін қосу екендігін атап көрсетті.
Қаладағы №30 мектептің шәкірті Лунара Жексенованың айтуынша, Ата заң мерекесі алдында бұл олар үшін ерекше қуаныш болды. Өзінің арманы - қазақ тілі пәнінің мұғалімі болу. Өйткені тәуелсіз Қазақ елінің болашағы оның тілінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).