Оралда кәмелетке толмағандар еңбегін заңсыз пайдалану фактілері анықталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, С.Шәкімовтің жеке кәсіпкерлігіне қарайтын «Мойдодыр» автожуу нысанын тексеру үстінде жұмыс беруші мен осында еңбек ететін кәмелетке толмаған А.Қожагелдин және А.Рамазановпен жасалған еңбек шартының Еңбек кодесінің 28-бабына сәйкес келмейтіні анықталды. Былайша айтқанда, онда еңбек шартының өзгеру мен тоқтату тәртібі көрсетілмеген. Аталған екеуі кешкі 18-ден 23 сағатқа дейін жұмыс жасаған. Ал кодекстің 183-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды түнгі жұмысқа жіберуге тыйым салынған. Сонымен қатар он сегізге толмаған қызметкерлермен шарт міндетті түрде медициналық байқаудан өткеннен кейін жасалуы тиіс.
Тексеруден кейін тиісті орындарға заңдылықты бұзуды жою туралы ұйғарым берілді.