ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында бүгін қар қылаулап, жауып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәл қазіргі сәтте сынап бағанасы 1 градус суықты көрсетіп тұр.
Биыл Батыс Қазақстан облысында қыстың қарлы әрі боранды болғаны белгілі.
Өңірдің Бөкей ордасы сынды оңтүстік аудандарында қар кетіп, мал жайылымға шығып жатса, Оралда қыс әлі өз күшінде деуге болады. Адамдар да қысқы киімдерін тастай қойған жоқ.
Қардың көптігі су басу қаупін де туғызатыны мәлім. Дегенмен соңғы күндері қар күндіз еріп, түнде қатуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).