Оралда каратэнің WKC/FW түрінен Азия чемпионаты мен кубогы мәресіне жетті

Фото: Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде жасөспірімдер, кадеттер және ардагерлер арасында каратэнің WKC/FW түрінен ІІ Азия чемпионаты аяқталды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сондай-ақ балалар арасында Азия кубогының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды.

Халықаралық додада Қазақстанмен қатар 14 мемлекеттен 1 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. 

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте Ресей көш бастаса, Қазақстан екінші, Үндістан командасы үшінші орынға ие болды.

Азия кубогында батысқазақстандық балғын каратэшілер де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

1 орын:

Арман Нығмет — командалық ката,
Әлім Жалмурзин — кумитэ,
Ангелина Головатова — кумитэ санбон,
Әлихан Құмарғалиев — командалық ката,
Рустам Местный — ката,
Арлан Иргусаев — ката.

2 орын:

Милана Наурызғали — кумитэ,
Диляра Еслямова — командалық кумитэ,
Екатерина Қожақова — кумитэ санбон,
Әділет Бержанов — кумитэ санбон,
Жанель Серқалиева — кумитэ,
Назгүл Серқалиева — кумитэ санбон.

3 орын:

Арсен Бекжанов — ката,
Айзада Нығметова — кумитэ санбон
Аделэ Мерсатова — командалық кумитэ,
Әміржан Сембаев — кумитэ санбон,
Ерлан Қасенов — командалық кумитэ,
Арман Мұхамбетов — кумитэ санбон,
Илияс Кенжетаев — кумитэ санбон,
Сафия Жанғалиева — командалық ката,
Ғабдулла Ғабдуллин — кумитэ санбон.

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мөлдір Жаңбырбайдың каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Әсел Қанай каратэден Премьер-лига турнирінде күміс алды.