ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін қатты аязға байланысты Орал мектептерінің екінші ауысымындағы 1-9 сыныптар қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қалада температура тілі 28 градусты көрсетуде.
Оған қоса күн боранды болып тұр.
Еске сала кетейік, бүгін Оралда бірінші ауысымдағы оқушылар да мектепке бармаған болатын.
Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).