Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды
09:06, 03 Желтоқсан 2020
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасы 25 градус аязды көрсетті.
Осыған байланысты 1-4 сыныптарда сабақ болмайды.
БҚО ТЖ департаменті осыған орай тұрғындарға хабарлама жіберді.