ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қатты аязға байланысты 1-4 сыныптар оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша температура тілі таңертең 26 градус аязды көрсетті. Соған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, бірінші ауысымда бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болмайтынын ескертті.
Айта кетейік, наурыз айы басталғаннан бері өңірде бірде қатты аяз, бірде боран, көктайғақ болып, ауа райы қолайсыз болып тұр.
Фото: sq.com.ua
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).