ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 06.03-те Әбілқайыр көшесі 74/1 мекенжайында, «Аяжан» сауда үйі маңындағы кәуапхана мен букмекерлік кеңсе орналасқан бір қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны жөнінде мәлімет түскен, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, өрт 200 метр аумақты қамтыған. Оны сөндіруге 22 адам, 9 техника жұмылдырылған. Сағат 06.42-де «тілсіз жаудың» беті қайтып, 07.43-те толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).