Оралда қайырымдылық балынан түскен 3 млн теңге кірісі аз отбасыларға таратылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қайырымдылық балы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мерекелік кешке өңір басшылығы, аудан әкімдері, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары мен өңірдегі орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.
 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2016 жылы Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде нақты жұмыстар атқарылғанын, сонымен қатар алда одан да биік мақсат-міндеттер тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар бұл шараға қатысу арқылы қайырымдылық ісіне үлес қосып отырғандықтарын жеткізді.

Айта кетейік, қайырымдылық балының билет құнынан түскен 3 млн. теңге 12 аудан мен облыс орталығында тұратын кірісі аз және асыраушысынан айырылған толық емес 100 отбасыға таратылды.