Оралда қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева өнер көрсетті

None
ОРАЛ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 29-ында Оралдағы «Зенит» мәдениет сарайында Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаева концерт қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екі сағаттай уақыт бойы қазақ эстрадасының жұлдызы бұрыннан белгілі әндермен қатар жаңа туындыларды да шырқады. Концертке басқа өнерпаздар да қатысты. Роза Рымбаева Ақ Жайыққа бірінші рет келіп отырған жоқ. Сахнаға шыққан өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасынан бері Орал өңіріне де аяқ басып жүрген әнші өз тыңдаушыларын жалықтырған емес.