Оралда қазақ күресінен Қазақстан жастар ойындары мәреге жетті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының төртінші жастар ойындары мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен республика облыстарынан 200-ден астам палуан қатысып, бақ сынады.

Турнир қорытындысында шығысқазақстандық Архат Қайырбеков 55 кг, атыраулық Әділет Құлшым 60 кг, оңтүстікқазақстандық Бақытжан Әбдурахманов 66 кг, Алматы қаласынан Алик Наниев 74 кг, тағы бір алматылық Ерасыл Жаңатаев 82 кг, қарағандылық Жылгелді Құдайберген 90 кг, Алматы қаласынан Кенесары Орынбасар 100 кг, Алматы облысынан Ерсайын Нияз +100 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ал астаналық Мұхтар Әбдімәлік түйе палуан атағын жеңіп алды.