ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының төртінші жастар ойындары мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен республика облыстарынан 200-ден астам палуан қатысып, бақ сынады.
Турнир қорытындысында шығысқазақстандық Архат Қайырбеков 55 кг, атыраулық Әділет Құлшым 60 кг, оңтүстікқазақстандық Бақытжан Әбдурахманов 66 кг, Алматы қаласынан Алик Наниев 74 кг, тағы бір алматылық Ерасыл Жаңатаев 82 кг, қарағандылық Жылгелді Құдайберген 90 кг, Алматы қаласынан Кенесары Орынбасар 100 кг, Алматы облысынан Ерсайын Нияз 100 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ал астаналық Мұхтар Әбдімәлік түйе палуан атағын жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).