Оралда қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында 470-ке жуық балуан бақ сынап жатыр

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында «Жайық арена» спорт кешенінде қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионатында екі күннің қорытындысы бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.

Айтулы додаға Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 2005–2007 жылғы 468 балуан қатысып, бақ сынап жатыр.

Жарыстың ашылу салтанатында БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан қазақ күресі қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов жас спортшыларға сәттілік тіледі.

- Ұлттық спортты дамытуға бәріміз де мүдделіміз. Осы жарыста Батыс Қазақстан облысынан бірнеше жеңімпаз шығып жатса, әлем немесе Азия чемпионатын өткізуді мойнымызға аламыз, - деді Б.Сәбитов.

Жарыстың алғашқы күні мына балуандар жүлдеге ілікті.

Қыздар:

60 кг

1.Ақбота Сматали (Жетісу облысы),

2.Айару Тілеубаева (Қостанай),

3.Жұпаркүл Ізтаева (Түркістан),

3.Аружан Сейітқасым (Түркістан).

65 кг

1.Аяулым Балғабаева (Жамбыл),

2.Сезім Өтеулі (Жамбыл),

3. Сабина Әлібек (Шымкент),

3.Саяжан Өзбек (Жетісу).

70 кг

1.Ақбота Қыдырәлі (Түркістан),

2.Гүлнұр Рсынхан (Түркістан),

3.Шұғыла Мақсатқызы (Алматы облысы),

3.Дария Забильская (БҚО).

+70 кг

1.Наргиз Оразбекова (Астана),

2.Ләззат Оразбек (Шымкент),

3.Сабина Құлымбетова (БҚО),

3.Анель Рамазанова (Абай).

Ұлдар:

90 кг

1.Ерасыл Мержанов (Абай),

2.Бейсет Полша (Қарағанды),

3.Шахнияз Ағыбаев (Қостанай),

3. Сабырбек Кемелбек (Жамбыл).

100 кг

1.Ердәулет Қалмырза (Түркістан),

2.Эльнар Жанболатұлы (БҚО),

3.Әлімжан Қыбышев (Қарағанды),

3.Айдар Әділжан (Алматы облысы).

+100 кг

1.Мейірхан Бейсенәлі (Түркістан),

2.Олжас Базарбай (Шымкент),

3.Қажымұхан Төре (Астана),

3.Ерасыл Нұрахметов (Абай).

Чемпионаттың екінші күнінде батысқазақстандық Эльнара Анарбекқызы жергілікті жанкүйерлерді қуантып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Сонымен, екінші күннің қорытындылары мынадай болды.

Қыздар:

44 кг

1.Жансая Таджимова (Қызылорда),

2.Қарақат Рахыбай (Жетісу),

3.Шолпан Алтынбек (Түркістан),

3.Бақыт Өмірбекова (Абай).

48 кг

1.Эльнара Анарбекқызы (БҚО),

2.Томирис Тоқмұрзина (Астана),

3.Томирис Рахметова (Жамбыл),

3.Кәмила Алтыбайқызы (Маңғыстау).

52 кг

1.Алира Шегелекова (Абай),

2.Сандуғаш Темірбек (Ақмола),

3. Эвелина Баёва (Қостанай),

3.Гүлназ Кәкенова (Ұлытау).

56 кг

1.Гүлназ Өмірбек (Түркістан),

2.Сезім Саламат (Маңғыстау),

3.Мәдина Мадиярқызы (Ақмола),

3.Анель Амангелдинова (Абай).

Ұлдар:

72 кг

1.Ерасыл Бақдәулет (Жамбыл),

2.Нұржол Бақытханұлы (Павлодар),

3.Асар Саматұлы (Ақтөбе),

3.Данил Кнестиков (Қарағанды).

78 кг

1.Бекзат Мақсұтов (Абай),

2.Мансұр Темірхан (Жамбыл),

3.Дәрусейтхан Темірхан (Түркістан),

3.Әли Дүйсенбай (Алматы облысы).

84 кг

1.Сұлтан-Бейбарыс Қайратұлы (Абай),

2.Әли Әлімби (Жамбыл),

3.Серіжан Сағиев (Ұлытау),

3.Бауыржан Шайхыслам (Шымкент).

16 сәуір күні қалған салмақ дәрежелері және «Түйе балуан» санаты бойынша жеңімпаздар анықталады.

БҚО қазақ күресі қауымдастығының президенті Әсет Сұлтанұлының айтуынша, чемпионат бәсекелестіктің күшейе түскенін көрсетті.

- Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында қазақ күресі мектебі әуелден қалыптасқан. Бірқатар өңірлерде күрестің кенжелеп қалғаны жасырын емес. Мақсат – ұлттық спорт деңгейін көтеру. Биыл қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты Үндістан астанасы Делиде өтті. Дегенмен Делиде кейбір себептерге байланысты жасөспірімдер мен жастар арасында өткізе алмадық. Болашақта соның орнын толтырсақ па дейміз. Мемлекет басшысы, Туризм және спорт министрлігі тарапынан ұлттық спорт түрлеріне барынша көңіл бөлініп жатыр. Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – соның дәлелі, - деді Ә.Сұлтанұлы.

БҚО қазақ күресінен қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Фарид Сапиев Қазақстан чемпионатында батысқазақстандық балуандардың да қуанып жатқанын жеткізді.

- 48 келі салмақта үздік шыққан Эльнара Анарбекқызы жастар арасында алғаш рет ел чемпионы атанып отыр. Ерлан Оңалов жаттықтыратын Эльнара бұған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болған еді. Сол сияқты өзімнің төл шәкірттерім – Дария Забильская мен Сабина Құлымбетова жүлдегерлер қатарынан көрінді, - деді Ф.Сапиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зейнеп Баянованың арманы олимп шыңын бағындыру екендігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.