ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Қазақстан 51-інші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» атты онкүндік ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш білім бәсекесі биылғы шілде айында Астана қаласында өткізілмек. Осыған орай облыстарда онкүндіктер өткізілуде. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыровтың айтуынша, онкүндік аясында математика пәнінің мұғалімдері ашық сабақ береді, шебер сыныптар анықталады. Оқушылар үшін түрлі сайыстар ұйымдастырылады.
БҚО-ға халықаралық математикалық олимпиаданың туын Маңғыстау облысының делегациясы тапсырды. Өңірде онкүндік аяқталған соң батысқазақстандықтар олимпиада туын Ақтөбеге жеткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).