Оралда Қазақстан халқының тілдері күніне орай шаралар өткізілуде

None
АЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Қазақстан халқының тілдері күніне орай шаралар өткізілуде.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы Орал гуманитарлық колледжінде «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өткізді. Оған он алты үміткер қатысып, «Вера» шаруа қожалығының жас жетекшісі Елена Акатова бас жүлдені жеңіп алды.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында көркем сөз оқудан Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі мәреге жетті. Онда М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен келген Таңшолпан Зайнуллина жеңімпаз атанды. Екі байқаудың да жеңімпаз-жүлдегерлері дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.