Оралда «Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен іс-тәжірибесі» атты халықаралық конференция өткізілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Инженерлік академиясының мүше-корреспонденті Ақсерік Әйтімовтің айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес құқықтық саланы реформалаудан ғалымдар да тыс қалмақ емес. Бұл жолы екі күнге созылған жиын барысында облыстағы құқық қорғау органдары өкілдерімен қатар заң ғылымдарының докторы, РФ ІІМ Саратов академиясының профессоры Рустам Байниязов, заң ғылымдарының кандидаты, Орынбор мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Евгений Цибарт, осы оқу орнының доценті Наталья Нарбикова және басқалар өз пікірлерін ортаға салды. Конференцияға Санкт-Петербор, Алматы және басқа қалалардан елімізде құқықтық, демократиялық мемлекет қалыптастыру мәселелерін қозғайтын барлығы 94 баяндама түсті. Бұлардың бәрі де кейін басылып шығатын арнайы жинаққа енгізілмек.