Кикбоксингтен БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы, осы спорт түрінен облыстық федерация президенті Андрей Смирновтың айтуынша, біріншілікке барлығы 157 спортшы қатысып, бақ сынады.
Салмақ дәрежелері (К-1) бойынша мына кикбоксинг шеберлері жеңімпаз атанды: Бейбарыс Сауханбек (51 кг, Тараз), Акбар Алматов (54 кг, ШҚО), Нұржан Сапарәлі (57 кг, ОҚО), Данияр Омар (60 кг, Қызылорда), Дәурен Ажымов (63,5 кг, Ақтөбе), Мейірхан Айтбаев (67 кг, ОҚО), Асылхан Төлембай (71 кг, Ақтөбе), Руслан Степанов (75 кг, Қарағанды), Бағдат Сағындық (81 кг) және Никита Суходол ( 91 кг, Ақтөбе). Қыздар арасында (фулл-контакт) Айман Қаршыға (48 кг, Тараз), Диана Жүсіпова (52 кг), Саяна Шимирова (56 кг, екеуі де Астанадан) жеңіс тұғырына көтерілді.
Батысқазақстандықтар арасынан Арнұр Нұрболатов 91 кг салмақта екінші, ал Ержан Рахымғалиев (67 кг) үшінші орынға ие болды.
А.Смирновтың сөзіне қарағанда, Оралда ел чемпионаты осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұдан бұрын 2006 жылы өткізілген болатын. Кикбоксинг ел өңірлерінде барынша дамып келеді. Оралдың өзінде үш клуб жұмыс жасаса, оларда түрлі жастағы 150-дей адам жаттығады. Биыл Қазталов ауданында тағы бір клуб (бапкері Мұханбет Құрманәлиев) ашылды.