Оралда кісі өліміне байланысты қылмыс жарты жылдан кейін ашылды

None
ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Бұл оқиға өткен жылдың қазан айында Орал қаласында орын алған еді. С.Тюленин аялдамасы маңында ауыр соққыға ұшыраған Дмитрий Перепелкин есін жия алмастан ауруханада көз жұмды.

БҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашевтің айтуынша, қылмыс жарты жылдан кейін ашылып отыр. Бұл қылмысқа күдікті ретінде 30 жастағы Руслан Абирхамитов ұсталды. Жас жігіттер арасындағы ұрыс-керіс соңы осылайша аяқталған. Сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді.

Тергеу амалдары жалғасуда.