БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот талқысында белгілі болғанындай, А.Дятлов бөтен мүлікті ұрлау мақсатымен жәбірленушінің үйіне заңсыз кірген. Сол сәтте үй иесімен кезігіп қалып, қылмысын жасыру ниетімен оған көптеген пышақ соққыларын жасаған. Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмды.
Сол күні-ақ ұсталған А.Дятлов полиция бөліміне жеткізілген. Сол жерде полиция қызметкерін балағаттап, билік өкіліне тіл тигізген.
Сот А.Дятловты ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 10-тармағы, 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп тауып, ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлігі негізінде 60-бап 1-бөлігі бойынша жазаны ішінара сіңіру және бұрынғы сот үкіміне байланысты өтелмеген жаза мерзімін қосу жолымен түпкілікті 17 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Оған қоса заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, жазасын қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.
14:20, 27 Маусым 2017
Оралда кісі өлтірген қаныпезер 17 жылға сотталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі - 188-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, 99-бабы 2-бөлігі 10-тармағы, 378-бабы 1-бөлігімен айыпталған А.Дятловқа қатысты қылмыстық іске нүкте қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.