«Жас Отан» жастар қанаты «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу» деген сөзін негізге ала отырып, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту мақсатында аталмыш жобаны қолға алған болатын.
Концерт барысында арнайы мектеп-интернаттың өнерпаздары, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері де сахнаға шықты. Сонымен қатар Ибрагим Ескендір елге танымал жайдарманшы Қабдол Тілеков, «Мерейлі отбасы - 2016» ұлттық байқауына қатысқан «Биғалиевтер» отбасылық ансамблінің мүшесі Марина Биғалиева, самбо күресінен халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген Серікбай Нығмет сынды дарынды жастардың «Жас Отан» жастар қанатының қатарына қабылданғаны жөнінде жария етіп, төсбелгілерін тапсырды.
Оған қоса мектеп оқушылары мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында құрылған қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелері Елбасына арнаған өз лебіздерін «Тілек кітапшасына» жазу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш кітап аймақтан аймаққа жолданып, Астана қаласында өтетін мерекелік кештердің бірінде мемлекет басшысына табысталмақшы.
Айта кетейік, осылайша әр өңірде патриоттық әндерді орындап, өз өнерін көрсетіп жүрген Ибрагим Ескендір жыл соңында елордада қорытынды концертін қоймақшы.
15:16, 16 Мамыр 2017
Оралда «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық концерт қойылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай «Көк тудың желбірегені» атты жаңа жоба аясында патриоттық әндерді орындайтын белгілі әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ибрагим Ескендірдің жеке шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.