Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылды

Фото: polisia.kz

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында шақалақтың денесі табылуына байланысты жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, шақалақ бүгін таңмен Зачаган кенті Бірлік көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен табылған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

— Қазіргі кезде шақалақтың анасын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматы тұрғыны жасаған құқық бұзушылық үшін оралдық жүргізушіге айыппұл келгенін жазған болатынбыз