ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың табылуына қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны мәлім болды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Орал қаласында көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылған болатын.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен жазғандай, қылмыстық іс қозғалып, анасын іздестіру жұмыстары жүргізілгенімен, оның мекенжайы анықталған жоқ.
Сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ өлі туған.
— Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 35-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалау органымен келісілді, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылғанын жазған едік.
Сондай-ақ Оралда қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасы іздестіріліп жатқаны хабарланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).