ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласы Зачаган кентінен 15 шақырым қашықта орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тағы да өрт болды.
Фото: БҚО ТЖД
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 7 маусым күні сағат 23.30-да 300 шаршы метр аумақта қоқыс жанды.
«ICM Recycling» ЖШС теңгеріміндегі полигонның жалпы ауданы — 37 гектар.
Фото: БҚО ТЖД
«10 маусым күнгі сағат 17.20-дағы мәлімет бойынша „тілсіз жауды“ ауыздықтауға 9 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жанған аумақ 8 маусым күні сағат 02.16-да оқшауланғанымен, әлі бықсып жатыр. Бүгін көмекке қосымша 6 адам, 4 техника жіберілді» деп хабарлады ведомстводан.
Полигоннан шыққан түтін алыстан көрініп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында өрттің әлі бықсып жатқанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).