Оралда қол добынан өтіп жатқан ҚР чемпионатының алғашқы турында «Ақжайық» сәтті өнер көрсетуде

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда қол добынан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы туры жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суперлигада алты команда қатарындағы БҚО-ның «Ақжайығы» сәтті өнер көрсетуде. Батысқазақстандықтар Алматы облысының «Іле» командасын 31:27 есебемін тізе бүктірсе, Астана қаласы ойыншыларын 29:26 есебімен жеңді. Ал Қызылорда облысының «Сейхун - КАМ-КГУ» командасынан 19:16 есебімен басым түсті. Ертең «Ақжайық» Алматы қаласы, одан кейін Шығыс Қазақстанның «Әділ» командасымен шеберлік байқасады.