Оралда көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

АСТАНА. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат - Оралда екі жаяу жүргінші «ГАЗ-322131» көлігінің астына түсіп, опат болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан олардың біреуі оқиға орнында көз жұмса,

екіншісі  - ауруханада қайтыс болды,  деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқиға  бейсенбі күні   сағат 20.25-те    болды.