Орал қаласында автокөлік ағашқа соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО Полиция департаменті
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Деркөл кентінде болды.
"30 қыркүйек күні шамамен сағат 00.20-да 29 жастағы жүргізуші "Мерседес Бенц" автокөлігінің руліне ие бола алмай қалып, В.Даль көшесі, 9-үй жанында жол шетіндегі ағашқа соғылған. Салдарынан жүргізушімен бірге 58 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. 33 жастағы тағы бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Көлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде", –деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі жүргізуші мерт болғанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).