ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында колледж студентінің мүрдесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қаңтар күні болды.
- Алдын ала мәліметке қарағанда, студент өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазіргі кезде оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 3 адам зардап шеккенін жазған едік. Оқиға 31 желтоқсан күні сағат 23.50-де Зачаган кентіндегі Е.Брусиловский көшесі бойында болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).