ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында «Конституция - Қазақстанның өркендеу кепілі» деген тақырыпта саяси клуб отырысы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түрлі саяси партия өкілдері, қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер қатысқан жиында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков Ата заңның ел азаматтарының құқығы мен бостандығын, мүддесін қорғауда маңызы ерекше екенін айтып, бас құжаттың қабылдану кезеңіне шолу жасады.
Жиынға қатысқандар Ата заң төңірегінде пікір алмасып, қазіргідей уақытта ел бірлігін сақтай білудің маңызы зор екендігін атап өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).