ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Конституция күніне орай «Мәскеу пирамидасы» бағдарламасы бойынша бильярдтан облыстық ашық турнир өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақ Жайықта осымен екінші рет ұйымдастырылған жарысқа елімізден және Ресейдің жекелеген облыстарынан қырықтан астам ойыншы қатысты. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де болды.
Үш күнге созылған турнирдің финалында алматылық аса тәжірибелі Эмиль Мударисов пен астаналық Қуаныш Аббасов кездесті. Мұнда Эмиль 6:2 есебімен жеңіске жетіп, 500 мың теңге ұтысқа ие болды. Басқа жүлдегерлерге де ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).