ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Орал қаласында «Шебер» базары жанындағы контейнерден ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәйітті әуелі аула сыпырушылар көріп, ішкі істер органына хабарлаған.
«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын криминалистер мен тергеушілер анықтау үстінде», деді БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиев.
Айта кетейік, қалада жексенбі күні әйел адамды өлтіру дерегі тіркелген болатын. Ішкі істер департаменті екі факті бойынша толық мәлімет кейінірек берілетінін мәлімдеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).