ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда контейнерден табылған ер адам мүрдесі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 сәуір күні сағат шамамен 08.45-те «Шебер» базары маңында зорлық белгілерімен өлтірілген ер адам мүрдесі табылған еді.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында М. деген күдікті анықталып, қолға түсті.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Оралда контейнерден ер адамның мүрдесі табылғаны жөнінде бұдан бұрын хабарланған болатын.
фото:sp-info.ru
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).