ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда көпірден секірмек болған 19 жастағы қызды ер адам құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 сәуір күні Теректі ауданы Подстепный ауылына барар жолдағы Жайық өзенінен өтетін көпірде орын алған.
19 жастағы қыз көпірден секірмек болған. Абырой болғанда, сол тұстан өтіп бара жатқан ер адам оны құтқарып қалған. Содан кейін полиция қызметкерлерін шақырған. Қыздың ата-анасы да келген.
Қазіргі кезде қыздың неліктен мұндай қадамға барғаны, оны құтқарып қалған адамның кім екені анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).