ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, азиат пішіндес жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де қалаға қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған.
Жасы шамамен 17-де.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде жедел тергеу тобы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
«Марқұмның кім екендігі анықталғаннан кейін ақпарат береміз», деді департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның газдан уланып көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).