Оралда көпқабатты үйдің төбесінен құлаған екі жасөспірім мерт болды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында көпқабатты үйдің төбесінен құлап кеткен екі жасөспірім көз жұмды.

Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

— Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығы мен облыс прокуратурасының бақылауында. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қаза тапқан жасөспірімдердің бірі 16, екіншісі 14 жаста.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО полициясы әйел адамның өліміне қатысты аса ауыр қылмысты ашқанын жазған едік.