ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос автокөлік түйісіп, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полициядепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 шілдекүні шамамен сағат 20.00-де орын алды.
Н.Назарбаев даңғылымен келе жатқан «ВАЗ-11183» автокөлігіМ.Ықсанов көшесімен қиылыста солға бұрылған кезде қарсы беттегі «Лада 21144»автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.
«ВАЗ-11183»автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Облыстық денсаулықсақтау басқармасының мәліметі бойынша аталған жол апаты салдарынан 6 адамзардап шекті. Олардың біреуі ауруханаға жатудан бастартты. Қалғандары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлерқарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).