Оралда қос бірдей жасөспірім суға кетуден құтқарылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос бірдей жасөспірім суға кетуден құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментіжедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы ЛейлаӘбдірахманованың айтуынша, оқиға 14 шілде күні қалалық мәдениет және демалыссаябағы аумағында орын алды.

Ересектердіңқарауынсыз, суда ойнап жүрген 2006 және 2007 жылғы ұл балалар тереңге батыпбара жатқан.

Осымаңда кезекшілікте жүрген құтқарушылар Алтынбек Қажеденов пен Павел Федоровжедел жетіп, жасөспірімдерді аман алып қалды.

Қаттықорыққан балалар жағада жүрген аналарының қолына тапсырылды.

«Өткенаптада 8 адам суға кетуден құтқарылды. Соның төртеуі – балалар», деді Л.Әбдірахманова.

БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары,подполковник Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, биыл жыл басынан бері 24 адам суғабатып кетсе, соның жетеуі – балалар.

Облысаумағындағы су айдындарында көпшіліктің демалысына бес жағажай ғана сәйкес келеді,оның үшеуі Оралда, екеуі Бәйтерек ауданында.

«Қауіптіжерлерде 247 тыйым салу белгісі орнатылды. Қазіргі кезде қосымша белгілердіжаңарту және орнату жұмыстары жүргізілуде. Су айдындарында құтқарушыларғаеріктілер жасақтары да көмектесуде», деді А.Ахметжанов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда суға батуға әрекеттенген әйелдің құтқарылғанынжазған болатынбыз.

32жасар әйел мас күйінде өзіне-өзі қол жұмсамақ болып тік жардан секіріп кеткен.Абырой болғанда, құтқарушылар Нұрбек Тауашев, Әзілхан Қарабасов, БатырбекНұрғалиев жетіп үлгеріп, әйелді қайықпен жағаға алып шыққан.

Соңғы жаңалықтар