ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында қос қабатты сауна өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қаңтар күні Ларин көшесі 38/2-мекенжайында болды.
Сағат 20.49-да «Жаным» саунасының екінші қабатында ғимараттың төбесі отқа оранды.
Аумағы 60 шаршы метрді қамтыған «тілсіз жау» 21.58-де оқшауланып, 22.22-де оқшауланды.
Қазіргі кезде келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Өртті сөндіруге 29 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).