Олардың екеуі де өңірдегі білім беру саласының өркендеуіне сүбелі үлестерін қосты.
Өтебай Құспанұлы 1942 жылы Жәнібек ауданы Талов ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін 1964 жылы бітіргеннен кейін Бөрлі ауданы Успенов орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарды. 1968-1985 жылдары Орал педагогика институтында оқытушы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Ал 1986-2011 жылдары облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының (1999 жылдан БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректоры) директоры қызметін атқарды. КСРО білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, сондай-ақ ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, Ы.Алтынсарин, «ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Шалқыма Хайроллақызы 1946 жылы Ақтөбе облысы Октябрь ауданы Жұрын ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Орал педагогика институтының физика-математика факультетін бітіргеннен кейін Орал педагогикалық училищесінде (қазір Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж) жұмыс жасап келеді. 1994 жылдан бері - Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж директоры. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясы және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. «ҚР білім беру ісінің озаты», «ҚР еңбек сіңірген қызметкері», «Құрмет» орденімен, Ы.Алтынсарин және басқа медальдармен марапатталған.