ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда көшеде табылған қос бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, балаларды дәрігер тексерді.
Екеуінің де қызуы жоғарылаған, жөтеледі. Алдын ала мәлімет бойынша жіті бронхит диагнозы қойылған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, жоғалған кезде балалардың ата-анасы үйде болмаған. Оларды қарауды анасының інісі мен сіңлісіне тапсырып кеткен. Кейін бүлдіршіндердің әкесі полиция бөліміне келді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда есін жоғалтып алған жасөспірімнің және көшеде қараусыз жүрген екі бүлдіршіннің табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).