Оралда ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі өткізілмек
18:04, 12 Тамыз 2010
ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында тамыздың 14-15-інде ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі өткізілмек.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, айтулы жарысқа Ресей, Беларус, Украина, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Камерун және Қазақстанның балуандары қатысады деп күтілуде. БҚО-дан ел намысын екі дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, Медет Оңдағанов сынды балуандар қорғайды.
Әлем кубогінің кезеңі 2008 жылы да Орал қаласында ұйымдастырылған болатын.