ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бесінші аймақтық спартакиадасы өтуде.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, дәстүрлі жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары қатысуда. Олар шаңғыдан, шахмат және үстел теннисінен, волейболдан күш сынасуда.
21 ақпан күні олимпиада резерві балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің залында жарыстың ашылу салтанаты болып, облыс командаларын ардагерлер, ТЖ департаменті құрылымдарының басшылары, спорт қайраткерлері құттықтады.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша БҚО құрамасы алда келеді. Ақтөбеліктер - екінші, атыраулықтар үшінші орында тұр.
Жарыс 23 ақпан күні мәреге жетпек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).