ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында Зачаган кентіндегі Әзербайжан көшесінде диаметрі 400 мм су құбыры істен шықты.
«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, осыған байланысты 25 қыркүйек күні сағат 19.30-дан бастап кентке салқын су беру тоқтатылды.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, «Балауса» шағынауданында салқын су екі күннен бері жоқ.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада апат болған жерде ешбір жұмыстың жүргізіліп жатпағаны айтылады.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде Әзербайжан көшесінде бригада жұмыс істеп жатыр. Су 26 қыркүйек күнгі сағат 02.00-ге дейін берілуі қажет.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда су құбырында тағы да апат болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).