ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында су құбырында апат орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қараша күні Әбілқайыр хан даңғылы 159-мекенжайында болды.
«Қазіргі кезде апатты жою үшін қаланың коммуналдық қызметтерімен келісу жұмыстары жүргізілуде. Апат салдарынан «Құрылысшы», «Солтүстік-шығыс» және 4-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлер, барлығы 11 462 абонент сусыз қалды. Су құбырын бүгін ретке келтіру ойластырылуда», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан бес адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).