Оралда күн суытуына байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мәліметіне сәйкес күннің суытуына орай бүгін Орал қаласы мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі Нұрболат Мұқажановтың айтуынша, осыған байланысты тиісті хабарламалар берілді. Қазіргі кезде температура тілі 26 градус аязды көрсетіп тұр.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні түс қайта өңірде боран соғып, кешке қарай барлық бағыттағы жолдар жабылған болатын. Жол бойында қар құрсауында қалған 80-нен астам адам құтқарылды.