ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін күннің суытуына байланысты Орал қаласы мектептерінде бірінші ауысымда 1-4-сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін күннің температурасы 25 градусқа дейін төмендегені жөнінде хабарлама келді.
Айта кетейік, БҚО білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұдан бұрын 12 желтоқсан күні Орал қаласы мен Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандарында барлығы 119 мектепте бастауыш сыныптарда түске дейін сабақ болған жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).