ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Оралда Жеңіс күні қарсаңында «Түркістан» шағын күзет кемесі Шаған өзенінде суға түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысына сәйкес «Айбар» жобасы аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ға қарасты Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылған 27-інші кеме Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жол тарта ды.
Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев атап өткендей, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ теңіз күзетіне арналған кеме-катерлерді 1993 жылдан бері жасап келеді.
Су ығыстырылымы 70 тоннадай «Түркістан» кемесі сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. Ол теңіз дауылына да төтеп береді.
Алдағы уақытта «Зенит» зауытында су ығыстырылымы бұдан 10 есе үлкен кемені құрастыру жоспарлануда.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі басқармасының басшысы Сабыр Хасанов бұған дейін «Зенит» зауытынан шығарылған корабльдер секілді, «Түркістан» кемесінің де көп ұзамай теңіздегі шекара күзетіне кірісетінін жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).