Оралда күрес түрлерінен Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 1 желтоқсанда Орал қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның әр өңірінен жиналған балуандар 30 салмақ дәрежесінде ел чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында ұлттық құрама спортшылары да бар.

ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыстың қорытындысы бойынша 2027 жылғы ұлттық құрама сапына енетін балуандар да анықталады.

Айта кетейік, ел чемпионаты 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан финалдық жекпе-жектерге қатысатын спортшылар анықталды.