ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін құрылыс вагоны өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, Құрманғазы мен С.Ақмұрзин көшелерінің қиылысында құрылыс вагонының ішкі тысы өртеніп жатқаны жөнінде сағат 13.35-те хабар түскен.
Оқиға орнында 1 техника мен жеке құрамнан 5 адам жұмыс жасады. 10 шаршы метрді қамтыған өрт 14.10-да сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі кезде вагонның иесі, өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар мен келтірілген шығын анықталуда», деді Н.Мұқанова.
Айта кетейік, вагон БҚО ішкі істер департаменті ғимараты маңында орналасқан.
Фото: mgorod.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).