Бұл туралы 7 қараша, дүйсенбі күні «Комсомольская правда Екатеринбург» хабарлады.
Свердловск облысы ІІМ ММ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жыртқыш аңды ағаш басына иттер қуып шығарып жіберген. Жабайы мысық жер бетінен 15-20 метр биіктікке шығып алған. Құтқарушылар ұйықтататын дәрісі бар оқпен атқан соң өрт сөндіру машинасын тақай қойып, баспалдақ арқылы сілеусінді жерге түсіріп алған.
«360» телеарнасы хабарлағанындай, сілеусінді жергілікті ветеринариялық клиникаға жеткізген, онда оны дәрігерлер құтыру ауруына тексеріп, содан соң орманға жібереді.